Алматыда арбаға таңылған кейуананы құлдықта ұстап, қайыр сұратқандарға іс қозғалды
Алматы полициясы мүгедек арбасында отырған зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге іс қозғады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Арбаға таңылған зейнеткерді жайма базарда волонтерлер байқап қалған.
Алматы қаласы ПД аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлады.
Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.