QAZAQGAZ “Мақат-Солтүстік Кавказ” магистралды газ құбырының екінші тармағын іске қосты

30.05.2023, 20:17
806
QAZAQGAZ “Мақат-Солтүстік Кавказ” магистралды газ құбырының екінші тармағын іске қосты

Бүгін Атырау облысы Мақат ауданында QazaqGaz облыс әкімдігімен бірлесе “Мақат-Солтүстік Кавказ” магистралды газ құбырының екінші тармағын (лупингін) іске қосты.

«Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырының лупингі  құрылысы» инвестициялық жобасы Мемлекет басшысының Атырау және Атырау облысы халқын және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, сонымен қатар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру аясында жүзеге асырылды.

Лупинг құрылысының жалпы сомасы шамамен 86 млрд теңгені құрады. Бұл - Ұлттық компанияның «Самұрық-Қазына» қорымен бірге қолға алынған инвестициялық жобаларының бірі.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің айтуынша жобаны жүзеге асыру өңір үшін аса маңызды әлеуметтік және стратегиялық тапсырма болып табылады.

«Ең алдымен жоба Атырау облысының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Екіншіден, сенімді және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, өндірістік объектілер мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді отынның экологиялық түріне – табиғи газға көшіру, халықтың өмір сүру жайлылығын арттыру, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға жасалған», – деді Санжар Жаркешов.

Сонымен қатар лупинг құрылысы бір желілік газ құбырын тоқтатуға байланысты төтенше жағдайларды болдырмауға, сондай-ақ Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның технологиялық сызбасына сәйкес жобалық қысымы 7,4 МПа «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбыры лупингінің жобалық қуаттылығы жылына 13,147 млрд м3 құрайды.

«Мақат-Солтүстік Кавказ магистралды газ құбыры 30 жылдан бері пайдаланылып келеді. Біраз техникалық мәселелер болды, ақаулар табылды. Егер магистралды газ құбыры істен шығар болса, халық, облыстың ірі кәсіпорындары газсыз қалуы мүмкін. Біздің облыс үшін жобаның маңыздылығын ескерсек, QazaqGaz дәл уақытында «Мақат-Солтүстік Кавказдың екінші тармағын іске қосты. Бұл Атырау облысы үшін әлеуметтік маңызы бар, инвестициялық жоба», – деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды