Тәжікстан кәсіпкерлері Қазақстанның бизнеске маман дайындау тәжірибесіне қызығушылық танытты

31.05.2023, 10:15
568
Тәжікстан кәсіпкерлері Қазақстанның бизнеске маман дайындау тәжірибесіне қызығушылық танытты atameken.kz

Тәжікстан кәсіпкерлері экономика секторларын сұранысқа ие білікті мамандар және менеджерлермен қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәжірибені зерделеп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ұлттық палатасының тәжірибесін мультипликациялау» жобасын іске асыру шеңберінде Тәжікстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының делегациясы келді. Делегация құрамында СӨП төрағасының орынбасары Хайдар Раджабов, Хатлан облысы СӨП бас директоры Фарход Сайфидинов, Соғды облысы СӨП бас директорының орынбасары Меликузи Кодиров болды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов қонақтарды қарсы алып, Қазақстанға іскерлік сапар тәжікстандық әріптестерге ақпаратқа толы және пайдалы болатынына сенім білдірді.

«Біздің палата жобаны іске асыруда барынша көмек көрсетуге дайын. Бірлесіп, бизнес-қоғамдастықтардың мемлекет кадрларын даярлау жүйесіне тартылуына және екі мемлекеттің дуальді білім беру жүйесін іске асыруға ықпал ететін боламыз. Палаталарымыздың тандемін қолдаймыз. Бұл ынтымақтастық екі мемлекеттің байланысын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар Орта Азия елдерінің кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға жәрдемдесу, экономиканың өсіп келе жатқан секторларын білікті мамандар мен менеджерлер талап ететін секторлармен қамтамасыз ету бастамаларын енгізеді», - деді Мақсат Қиқымов.

photo

«Атамекен» ҰКП өкілдері қонақтарға Ұлттық палатаның құрылымы, міндеттері, және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басым бағыттары, кәсіпкерлермен өзара іс-қимылы туралы айтты. Олар «Атамекен» ҰКП әзірлеген жоғары оқу орындарының рейтингі, оның әдіснамасы, дуальді білім беру және бизнеске сұранысқа ие маман даярлауға ерекше қызығушылық танытты. Серіктестер «Атамекен» ҰКП өкілдері осы жылдың қазанында Тәжікстанда өтетін конференцияға қатысып, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген әріптестерге де мамандарды даярлау тәжірибесін бөлісе алатынына тілек білдірді.

photo

«Маман дайындау – біз үшін маңызды бағыт. Өйткені, Тәжікстанда кадрмен жұмыс бойынша мамандарды дайындамайды. Біз қазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесін пайдаланамыз деп үміттенеміз және алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс істеу үшін сіздің тәжірибеңізді зерттейтін боламыз», - деп атап өтті ол.

Кездесу барысында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, Соғды облысының сауда-өнеркәсіп палатасы және Хатлан облысының сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)