1643

«35 миллион қаралым»: Ауыл мектебіндегі биология пәнінің мұғалімі әлемдік хиттің битін жазды

Ауыл мұғалімінің әндері әлемге танылды.

«35 миллион қаралым»: Ауыл мектебіндегі биология пәнінің мұғалімі әлемдік хиттің битін жазды
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай ауданына қарасты Қараауыл ауылының мұғалімі "Black Pink" K-pop тобының бұрынғы мүшесі LaLisa Manoban мен латынамерикалық әнші Rosalia-ның New Woman әнінің битін жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Садуханов әлемдік деңгейдегі әншілердің хитінің битін жасаған.

Мұғалім-музыкант 16 тамыз күні Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтып берді. Шығарылғаннан кейін екі күнде жаңа хитке айналған бейнеклип YouTube арнасында 35 миллионнан астам қаралым жинады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор