Қылмыстық кодекстегі Нұрсұлтан Назарбаевтың мүлкіне қол сұқпау кепілдігінің күші жойылуы мүмкін

31.05.2023, 12:50
603
Қылмыстық кодекстегі Нұрсұлтан Назарбаевтың мүлкіне қол сұқпау кепілдігінің күші жойылуы мүмкін smartnews.kz

Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын 373 және 374-баптар алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген құжаттың жобасы Мәжілістің ресми сайтында 23 мамырдан бері тұр.

Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Мәжіліс сайтындағы салыстырмалы кестеде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау ұсынылғанын көруге болады.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.

Әділет министрлігіндегілер заңнамаға осындай өзгеріс енгізу ұсынылып, Мәжіліс қарауында жатқанын растады.

«Заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің қолданыстағы редакциясының 373-бабында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде қорлау және өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бейнелерін қорлау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау» әрекеттері үшін екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ал бұл әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған болса, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне оның заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында қандай да бір нысанда ықпал ету әрекеті бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқтырады.

Ал 374-бап бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу, хат жазысудың, олар пайдаланатын байланыс құралдарының, банк құпиясының және банк шоттарына қол сұғылмаушылық кепілдіктерін бұзу әрекеттері бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқтырады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген