678

Солтүстік Кореяның спутник ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталды

Солтүстік Кореяның тұңғыш әскери спутник ұшыру әрекеті сәтсіз болды. Спутникті орбитаға апара жатқан баллистикалық зымыран әуеде ыдырап, теңізге барып құлаған.

Солтүстік Кореяның спутник ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталды
pixabay

Елдің Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, ракетаның қозғалтқышында ақау пайда болған.

Бұл - Пхеньянның 2016 жылдан бері барлау спутнигін ұшыруға бағытталған 6-шы әрекеті, деп жазады qazaqstan.tv.

Ел билігі мұнымен тоқтамайтынын мәлімдеді. АҚШ, Жапония және БҰҰ болса Солтүстік Кореяның әрекетін сынға алды.