Қызылордада Сеул университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін

31.05.2023, 17:26
723
Қызылордада Сеул университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін inform.kz

Елімізде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің жасанды интеллект мектебін ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бүгінгі кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілете түсуде өзара қолдау көрсетеміз деп уағдаластық. Әңгіме барысында корей елінің батыры, генерал Хоң Бом Доның мұрасына қатысты жобаларға көңіл бөлінді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің жасанды интеллект мектебін ашу жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды», - деді Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жиннің елімізге сапары барысында ұйымдастырылған брифингте.

Сондай-ақ, министр екі елдің сыртқы ведомстволары арасында 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын хабарлады.

«Бүгінде елімізде 119 мың корей азаматы тұрып жатыр, олар - біздің қоғамның ажырамас бөлігі. Тәуелсіздігіміз бен ел дамуына бір кісідей атсалысып жүрген белсенді азаматтар. Осының бәрі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің іргетасын нығайтуға септігін тигізіп отыр. Бүгінгі келіссөз барысында министр Пак Жин мырзамен ықпалдастығымызды әрі қарай дамыту жолдары жөнінде нәтижелі пікір алмастық», - дейді ведомство басшысы.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады