Министр Асхат Оралов қарағандылық жас джиу-джитсу палуанына грамота жолдады

01.06.2023, 09:20
583
Министр Асхат Оралов қарағандылық жас джиу-джитсу палуанына грамота жолдады t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қарағандылық жас палуан, джиу-джитсу бойынша күресетін Ілияс Балтағазыға грамота жолдады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

14 жастағы спортшы татамидегі шеберлігінің арқасында әлеуметтік желі жұлдызына айналды.

Ілияс джиу-джитсу күресімен 2017 жылдан бері айналысады. 6 жыл ішінде ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азия чемпионы және Абу-Дабидегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Министр жас спортшының жетістіктерін атап өтіп, болашақта одан әрі жеңістер тіледі.

«Қазақ спортының болашағы Ілияс сияқты жас таланттармен байланысты. Ол біздің елімізді халықаралық деңгейде абыроймен таныстырып үлгерді, оған қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әлем чемпионы болуды, содан кейін Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалін әкелуді тілеймін», – деді Асхат Оралов.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды