Алматы мектептерінде буллингтің алдын алу үшін QR-кодтар орнатылды

01.06.2023, 09:52
576
Алматы мектептерінде буллингтің алдын алу үшін QR-кодтар орнатылды inform.kz

Алматы прокуратурасының бастамасымен кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында пилоттық режимде «Сенім бұрышы» атты интернет-ресурс іске қосылды. Оның QR-коды орта білім беретін отыз мектепке қойылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, оқушылар мен ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін әр сынып бөлмесінде балалардың құқығы бұзылған кезде смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы мектеп әкімшілігіне анонимді онлайн-өтініш жасауға жағдай жасалған.

«Процесті цифрландыру нәтижесінде кәмелет жасына толмағандарға қатысты 561 құқық бұзушылық бойынша шара қабылданып, оларға жедел ден қоюға мүмкіндік берді. Мысалы, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралды, нәтижесінде 175 оқушы мектепшілік есепке, 98 оқушы тәуекел тобының есебіне қойылды және бір факті кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды», - деп хабарлады прокуратура.

Пилоттық жоба Алатау ауданының оқушылары мен ата-аналары арасында оң бағаланды. Аталған жұмыс қаланың басқа мектептерінде де жүріп жатыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады