IT-Aiel бағдарламасы аясында екі мың қазақстандық әйел IT-мамандықтарға тегін оқытылады

01.06.2023, 10:46
850
IT-Aiel бағдарламасы аясында екі мың қазақстандық әйел IT-мамандықтарға тегін оқытылады astanahub.com

Astana Hub Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2000 әйелді оқытады.

18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер IT-Aiel бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстары бойынша оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге 1 тамызда онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде кірісе алады. Бағдарлама қызықты вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A-сессиялары және т. б. тұрады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті әйелдер бар, олардың 34%-ы жұмыс істемейді ал 41%-ы жоғары білім дәрежесіне ие. 

Жақында Coursera IFC және Еуропалық комиссиямен серіктестікте жүргізген зерттеу көрсеткендей, әйелдердің 45%-ы және бала күтіміндегі әйелдердің 60%-ы онлайн оқыту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқуды кейінге қалдырып немесе тоқтатуға мәжбүр болатынын мойындады. Сондықтан IT-Aiel бағдарламасы жұмыссыз әйелдер үшін едәуір маңыздылық пен мүмкіндікке ие.

Жобаға қатысу үшін әйелдер қауымы сайт арқылы өтініш беруі керек: https://education.astanahub.com/itaiel. Оқыту қорытындысы бойынша жобаның барлық түлектері оқуды аяқтағанын растайтын электрондық сертификатқа ие болады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында салтанатты түрде марапаттауға шақыру алады. 

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады, ал қосымша ақпаратты осы сілтеме арқылы табуға болады: https://education.astanahub.com/itaiel/rus. Қосалқы сұрақтар бойынша edu@astanahub.com электрондық поштасына жазып немесе бірыңғай нөмір 2222 қоңырау шалуға болады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады