Отандық дрон сынақтан сәтті өтті

01.06.2023, 11:39
709
Отандық дрон сынақтан сәтті өтті gov.kz

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ жаңартылған үлгідегі «Шағала-М» ұшқышсыз ұшу аппаратының сынақ жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Отандық дронның тактикалық және техникалық сипаттамалары жақсартылып, жылдамдығы, әуеге көтерілуі және ұшу ауқымы кеңейді.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов айтқандай, елімізде құрастырылған ҰҰА әмбебаптығымен ерекше. Мәселен, оны мұнай-газ, энергетика секторлары және азаматтық қорғаныста, оның ішінде іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға болады. Бұған қоса қазақстандық өнімнің төтенше жағдай кезінде тікұшақты алмастырып, мұнай және газ құбырларына, сондай-ақ электр желілеріне бақылау жүргізуде пайдасы көп.

«Шағала-М» аппаратының артықшылығы оған ұшып-қону жолағы қажеті жоқ. Бағасы шетелдік аналогтармен салыстырғанда арзан. Аталған өнімді сату мәселесіне келсек, СТ–KZ және индустриялық сертификаттары мен патенті бар», - деді «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығының бас директоры Ғани Байсейітов.

Бұл орайда биыл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның әуе кеңістігінде Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жөніндегі ережені әзірлеп, соған сәйкес әуе кеңістігін пайдалану тәртібінен бөлек ұшу аппараттарын есепке алу, санаттарға бөлу мен дрондарға рұқсат құжаттарын беру жолдары қарастырылған.

Бұдан басқа ұлттық компанияның авиациялық-оқу орталығында азаматтық мақсаттағы дрондар мен коптерлердің қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасы іске қосылғанын айта кетейік.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады