Жаңаөзенде түлектер көліктің терезесінен денесін шығарып көше аралады

01.06.2023, 16:49
530
Жаңаөзенде түлектер көліктің терезесінен денесін шығарып көше аралады Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жаңаөзендік мектеп түлектерінің жүріп бара жатқан көліктің терезесінен денесін шығарған бейнежазбасы тарады. Жасөспірімдерді мінгізіп, жол қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға 30 мамыр күні Жаңаөзен қаласының Ақсу шағынауданындағы тасжолда болған.

«Daimler Chrysler» маркалы автокөлігінің жолаушылары қауіпсіздік белбеуін тақпай, заңбұзушылыққа жол берді.

Жаңаөзен қаласының полицейлері көлік жүргізушісінің жеке басын анықтап, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырды.

Ал «Mercedes Benz E 320» автокөлігінің жүргізушісінің бірден екі құқық бұзушылық жасағаны белгілі болған.

«Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 614-бабында көзделген ережелерді елемей, көлік басқару кезінде жол қозғалысының өзге қатысушыларына қасақана кедергі келтірген. Жол сақшылары 21 жастағы азаматты осы бап бойынша жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар артқы орындықтағы жолаушының қауіпсіздік белбеуін қолданбағаны анықталып, ол аталған кодекстің 593-бабы 3-бөлігімен жазаланатын болды» делінген хабарламада.

Артқы орындықтағы жасөспірімдер терезеден денесін шығарған «BMW 5251» маркалы автокөліктің жүргізушісі де заң негізінде жауапқа тартылған.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды