Әли Бектаев: Қант шығарудың баламалы, оңтайлы, жерімізге бейімделген жолдарын қарастыру уақыт күттірмейтін нәрсе

01.06.2023, 19:33
562
Әли Бектаев: Қант шығарудың баламалы, оңтайлы, жерімізге бейімделген жолдарын қарастыру уақыт күттірмейтін нәрсе smartnews.kz

Сенат депутаты, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев қызылша қантының өндіріс көлемін халық тұтынатын деңгейге дейін жеткізу керек дейді.

Қант халқымыз кең көлемде тұтынатын әлеуметтік азық-түліктің бірі. Қанттың бағасы немесе жетіспеушілігі тұрғындардың қалтасына және көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Шекердің бағасы 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге қымбаттаған. Бұл өз кезегінде, халық тұтынатын азық-түліктің басқа да түрлерінің бағасына әсер етуде. 

Елімізде отандық шикізаттан  өндірілген қанттың көлемі жалпы тұтынудың 10 пайызынан аспайды. Тек соңғы жылы Ресейден 316 мың тонна қант әкелінген және бұл - еліміздегі қант импортының 64% құрайды.

«Ресей Федерациясында қант өнеркәсібі жүйелі түрде дамып келеді. Соның нәтижесінде тұтас кластерлер құрылды. 24 аймақта жыл сайын 1 миллион гектардан астам қызылша егіледі. Оның өнімділігі соңғы 20 жылда 2 есеге, ал қант өндіру көлемі 4,5 есеге артқан. Өкінішке орай, Казақстандағы жағдай керісінше, өзімізде өндірілетін қант көлемі соңғы 20 жылда 55%-ға төмендеген. Өндіріске негізінен Бразилиядан импортталатын тростниктік шырындар пайдаланылып келді. Осы уақыт ішінде ұлттық өндірісті дамытып, қант шикізатына тәуелділікті азайту үшін қабылданған шаралар тиімсіз болды. 2021 жылы отандық шикізаттан шекер өндіруді 121 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланғанымен, іс жүзінде 39 мың тонна ғана өндірілді. 

Ал 2022 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен қабылданған Қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда қызылшаның егіс көлемін 38 мың гектарға дейін ұлғайтып, қант өндірісінің көлемін 7 есеге артыру жоспарланған. Бұл мақсаттарға 495 миллиард теңге қажет. Бір қызығы, бағдарламада қант өндірудің баламалы жолдары қарастырылмаған. Тек қызылша қантын өндіру арқылы Ресейдің тәжірибесін қайталаудың қаншалықты қажеті бар? Тағы да 20 жыл бойы тек қызылшаға иек артып отыратын бізде уақыт та жоқ? Қазіргі геосаяси жағдай барлығын тездетіп шешуді талап етіп отыр. 

Мәселен, жеміс-жидектен-фруктоза, ал бидай, картоп, дәндік жүгері сияқты дақылдардан крахмал шырынын алу технологиясы әлемде кең дамыған. Соның ішінде дәндік жүгері дақылы ондаған жылдар бойы Қазақстанда табысты өндіріліп келе жатқан, жерге де, ауа райына да бейімделген дақыл екендігі белгілі, мамандар да жеткілікті. Жүгері крахмалы негізінде глюкоза-фруктоза шәрбаты шығарылады және оны сусындар зауттарында, кондитер фабрикаларында, кулинарлық цехтарда қант орнына пайдалануға болады. Ол шырынның қантты алмастыру коэффициенті 1,2 құрайды. Оның үстіне дәндік жүгеріден шырынның шығымдылығы 65%, ал қызылшадан 15-20% ғана. Яғни ел тұтынатын 650 мың тонна қанттың жартысына жуығын дәнді жүгеріден алуға болады. Ол үшін қазіргі дәнді жүгерінің егіс алқабын 25% ға ұлғайтса жеткілікті. Ғалымдардың зерттеуінде, дәнді жүгерінің 1 га-на кететін өндірістік шығын 400 мың теңге болса, қант қызылшасына кететін шығын 850 мың теңгені құрайды », - деді Әли Бектаев.

«Қант өндірісіндегі артықшылықтардан бөлек, дәндік жүгері 150-ден астам азық-түлік және техникалық тауарларды өндіруге арналған шикізат болып табылатынын және оны терең өңдеу кезінде қалдықсыз өндіріс қалыптастыруға болатындығын атап өткен жөн. Оны Жетісу облысындағы, Жаркент крахмал-сірне зауытының тәжрибесі толық көрсетіп отыр. Осындай кәсіпорындар шикізатты өндіруден бастап, соңғы өнімге дейінгі толық циклды кластер құра алады. Мемлекет өз кезегінде осы кластерлерді дамыту үшін қажетті жағдай жасауы керек. 

Бұл «қызылша қантын өндіруден толық бас тарту» деген сөз емес. Қызылша қантының өндіріс көлемін халық тұтынатын деңгейге дейін жеткізу керек. Бірақ қант шығарудың баламалы, оңтайлы, жерімізге бейімделген жолдарын қарастыру да уақыт күттірмейтін нәрсе», - деді депутат. 

«Жоғарыда айтылғандарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 726 қаулысымен қабылданған Қант саласын дамыту жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қайта пысықтап, әр өңірде құрамында крахмал сірнесі бар дақылдарды терең өңдеуді дамыту мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймыз», - дейді «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы.

Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО)