«Тұмар» ұлттық телевизия байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды

02.06.2023, 09:45
719
«Тұмар» ұлттық телевизия байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталды gov.kz

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер 18 маусымға дейін қабылданады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Байқауға 2022 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады.

Өтінімді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынай алады.

Номинациялар:

Үздік ақпараттық бағдарлама

Үздік әлеуметтік жоба

Үздік журналистік зерттеу

Үздік аналитикалық бағдарлама

Үздік ток-шоу

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

Үздік тележурналист

Үздік тележүргізуші

Үздік спорт комментаторы

Үздік аймақтық телеарна

Үздік деректі фильм (Қамал Смайылов атындағы арнайы премия)

Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия).

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 500 астам кәсіби журналист қатысуға өтінім беріп, 258 жұмыс номинанттар тізіміне енді.

Бүгінгі күні эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 70 маманы ие болып отыр.

2023 жылдың жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 млн теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды