QazInnovations 400 миллион теңгеге дейінгі грантқа конкурс жариялайды
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беруге сомасы 400 миллион теңгеге дейінгі конкурс басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған гранттар оң экономикалық әсер алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу, соның ішінде технологиялар трансфертін пайдалану арқылы кәсіпорынды дамыту бойынша технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған.
Өтінімдер қабылдау 2023 жылдың 5 маусымы мен 10 шілдесі аралығында, 18:00 сағ. (Астана уақыты бойынша) дейін жүргізіледі.
Шарттар мен талаптар келесі сайтта орналастырылған: https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie
Сұрақтар мен кеңестер:
+7 7756231422, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303)