Онлайн жарнама туралы заң: Блогер мен журналисті қалай ажыратамыз

02.06.2023, 16:21
586
Онлайн жарнама туралы заң: Блогер мен журналисті қалай ажыратамыз smartnews.kz

«Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры Михаил Комиссаров онлайн жарнама туралы заң қабылданса, кәсіби журналистер мен блогерлердің қызметі қалай сараланатынын түсіндірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бүгінгі талқылауда блогер-инфлюенсер ұғымының анықтамасы және осы санатқа интернет пайдаланушылардың қандай санаттары жататыны туралы көп айтылды. Мұндағы басты өлшемшарт интернет пайдаланушының кәсіпкерлікпен айналысуына келіп тіреледі. Ғалым Байтук мырза бұл ұғымды әуелі Масс-медиа туралы заңда бекітіп алу керектігін айтты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де осыны ұсынған. Бірақ кәсіби журналистер қауымымен ақылдасқан кезде журналист деген профильді білім алған, бұл қызметпен кәсіби тұрғыда айналысатын адам екенін, сондықтан азаматтық журналистика мен блогерлікті кәсіби БАҚ қызметімен теңестірмеу керектігін айтты. Осылайша жаңа заң бойынша блогер-инфлюенсерлерге онлайн платформада кәсіпкерлікпен айналысатын интернет пайдаланушылар жатқызылады», - деді ол Мәжілістегі онлайн жаранам туралы заң жобасын талқылаған отырыста.

Михаил Комиссаровтың айтуынша, блогер санатына жатқызылған интернет пайдаланушылар өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеу міндетті болмайды.

«Оларды біріздендіру тетігін фискалдық органдар жүргізеді. Бұл жерде олар жеке кәсіпкерлігін, ЖШС тіркеуге міндеттелмейді. Бірақ 2025 жылдан кейін олардың кірісі мен шығынының арасында айырмашылық бақылау тетігі пайда болады. Бұл бір күннің жұмысы емес екені түсінікті. Бірақ бұл заң қызметті құқық арнасына түсіруге жол ашады», - деді Михаил Комиссаров.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды