621

Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды

Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды, олардың әрқайсына үй сатып алуға 4 млн теңге көлемінде сертификаты табысталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды
видео скрині

Бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады.

Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүстік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе, білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге  8 600 адам көшірілмек.

Оның 2 800-і Солтүстік Қазақстан облысына көшеді.