Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты аяқталды

03.06.2023, 16:28
700
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты аяқталды senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев боччадан ел чемпионатының жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды smartnews.kzсайты ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс 1-3 маусым аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Мәулен Әшімбаев үш күнге жалғасқан тартысқа толы сайыс жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлағанын және ойындар бәсекеге толы болғанын айтып, спортшыларды тамаша нәтижелерімен құттықтады.

Қазақстан бочча федерациясының президенті чемпионат спортшылардың рухы жоғары екеніне назар аударды. Балалар Қазақстанның қазіргі чемпиондарымен сайысқа түсіп, жеңіске деген ерік-жігері мен қайсар мінезін паш етті.

Сенат төрағасы жарысқа қатысушылардың әрқайсысы осы чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқанын және олардың бәрі қазірдің өзінде чемпион екенін дәлелдегенін атап өтті.

Боччадан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 47 спортшы қатысты. Белгілі қоғам қайраткерлері, инклюзия мен бейімді спортқа қолдау көрсетіп жүрген белсенді азаматтар турнир қонағы болды. Чемпионат жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданады және Паралимпиада, Азия паралимпиада ойындары, челлендж сияқты ірі халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайды.

photo
Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген