Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 4,2%-ке өсті

03.06.2023, 16:53
726
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 4,2%-ке өсті primeminister.kz

Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Республикалық штаб отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсімі 4,2%-ды, ал мамыр айының қорытындысы бойынша 0,7%-ды құрады. Биыл бұл көрсеткіш бойынша Астана (6,1%), Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) және Жетісу облысы (5,3%) антилидер болды. Пияз, қырыққабат, күріш және сәбіздің бағалары барынша қымбаттады, ал қарақұмық, қант, күнбағыс майы мен ұнның бағасы төмендеді.

photo

ҚР СИМ инфляция деңгейін 2 есеге төмендету мақсатында ӘМАТ бағасының өсуіне барынша әсер ететін азық-түлік тауарларын өндірушілерді қолдауға бағытталған жаңа тәсілді әзірледі. Бұған сиыр еті, күнбағыс майы мен сары май, күріш, қант және көкөністер жатады. Бүгінгі таңда 78 негізгі өндіруші анықталды. Жаңа алгоритм шеңберінде әрбір тауарға – өндіру мен сақтаудан бастап сатуға дейін бағдарланған тәсіл қамтамасыз етіледі.

Премьер-Министр жалпы, тек мамыр айының өзінде ғана қырыққабат 22,3%, сәбіз 10,8%, пияз 9,6%, картоп 6,6%-ға қымбаттағанын атап өтті. Бұл жергілікті жерлердегі маусымдық кезеңде нарықты көкөністермен қамтамасыз ету жұмыстарының тиімсіздігін көрсетеді.

Ол сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігін атап өтті.

«Бағаны тұрақтандыру үшін нарықта ұсыныс үнемі көп болуы тиіс. Мысалы, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер ақпан-наурыз айларында Тәжікстанмен пияз сатып алу мәселесін пысықтай бастады. Алайда, оны пияздың бағасы 10%-ға дейін өсіп кеткен уақытта, яғни мамыр айында ғана сатып алды. Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық. Әр өңір өз ерекшелігін біледі, сондықтан өндірушілермен алдын-ала меморандумдар бекітуі керек», — деп атап өтті Премьер-Министр.

photo

Үкімет басшысы ӘМАТ бағасын тежеу жөніндегі жаңа алгоритмнің толыққанды іске асыруды және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім-шарттардың уақытылы жасалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиімсіз делдалдарды анықтап, оларды жою жұмыстарының сапасын арттыруды және сауда үстемелеріне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды