Азаматтар жалған кредиттерден қалай қорғалады

03.06.2023, 17:42
580
Азаматтар жалған кредиттерден қалай қорғалады smartnews.kz

Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахманов азаматтар жалған кредиттерден қалай қорғалатындығын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«2021 жылғы наурыздан бастап агенттік барлық микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) микрокредиттер беру кезінде клиенттің шынайылығын нақты тексеруді және растауды, оның деректерін өтінімде көрсетілген деректермен салыстыруды, клиенттің нақты биометриялық деректерінің жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ клиенттің микрокредит алуға білдірген еркін тіркеуге міндеттеді», - деп атап өтеді ол жауабында.

Оның айтуынша, енді микрокредитті қашықтан алу үшін қарыз алушыны мына үш тәсілдің бірімен идентификациялау жүргізіледі:

1) электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы;

2) Ұлттық банктің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы Идентификаттау деректерін алмасу орталығы сервисін пайдалана отырып қарыз алушының биометриялық өлшемдеріне сәйкестігі;

3) қарыз алушының жеке деректерін және бейнесін нақты уақыт режимінде екі факторлы тексеру арқылы.

«Бүгінгі таңда Ұлттық банктің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы Идентификациялау деректерін алмасу орталығы жүйесіне микрокредиттерді электрондық тәсілмен беруді жүзеге асыратын барлық МҚҰ қосылған.

«Азаматтардың құқықтарын жалған кредиттерден қорғау мақсатында Агенттік МҚҰ үшін алаяқтық микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру және талап-арыз жұмысын тоқтату бойынша талаптар енгізді. Қарыз алушылар ресімделген жалған микрокредиттер бойынша олардың берешегін сот шешімінің негізінде есептен шығару бойынша МҚҰ-ға қойылатын талап нормативтік түрде белгіленді», - деді Нұрлан Әбдірахманов.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады