Жаңаөзендік жастар есірткіге қарсы қысқаметражды фильм түсірді

03.06.2023, 18:20
644
Жаңаөзендік жастар есірткіге қарсы қысқаметражды фильм түсірді smartnews.kz

Ақтауда «Арбау» қысқаметражды фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Жаңаөзендік шығармашылық топтың тұңғыш туындысын БАҚ өкілдері мен блогерлер тамашалады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Режиссер Азамат Артықов пен продюсер Ақиқат Шарапатдин бірлесіп түсірген фильм синтетикалық есірткі салдары жөнінде баяндайды.

«Бүгінгі қоғамдағы өте өткір мәселе - синтетикалық есірткіге еліткен жастар. Біздің фильм үш мақсатты көздейді. Фильмді көрген жастар өмірін оң өзгерістерге бағыттаса дейміз, екіншіден ата-аналар ақпарат алады. Сондай-ақ осы фильм арқылы жаңаөзендік жастар отандық медиа саласының дамуына өзіндік үлесін қосады. Кинода жергілікті актерлар Аяп Асылтас, Арман Жеменей ойнайды. Кинода үлкен қалаға оқуға түскен кейіпкердің зиянды әдеттерге үйір болуы және бұл дүниелердің оның өміріне әсері сипатталады. Біз бұл тақырыпты жақсы зерттедік», - дейді Ақиқат Шарапатдин.

Басты рөлдердің бірін жиырма жастағы Мирас Чанов Мақсат есімді студенттің рөлін сомдайды. Мирас бұл өзінің түскен алғашқы туындысы болғандықтан бірқатар қиындыққа тап болғанын айтады.

«Бұл фильмнен үлкен тәжірибе жинадым. Негізгі мамандығым өрт сөндіруші болғандықтан фильмге түсу оңайға соқпады. Мен кинода түнгі ойын-сауық кешендеріне барып, есірткі қолданатын студенттің рөлін сомдадым. Ал шын өмірде тіпті шылым шегіп көрмегендіктен, дубльдарды қайта-қайта түсірдік. Бұл фильм арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, өз өмірін бағалауға шақырамын», - деді Мирас Чанов.

Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды