Мемлекет басшысы Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келді
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент резиденциясында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қарсы алды.