Қазақстанда жасалған көліктердің әлемдік нарықтағы үлесі 0,02% ғана – министрлік

04.06.2023, 12:55
793
Қазақстанда жасалған көліктердің әлемдік нарықтағы үлесі 0,02% ғана – министрлік smartnews.kz

2017-2021 жылдар аралығында машина жасау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге небәрі 2,3 млрд теңге жұмсалды. Ашық НҚА порталында жарияланған машина жасау саласын дамытудың 4 жылдық кешенді жоспарында осылай жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Отандық машина жасау өнімдері әлемдік нарықта жеткіліксіз ұсынылған. 2021 жылы оның үлесі 0,02% ғана болды. Мәселен, Ресейдің машина жасау өнімдерінің әлемдік экспортындағы үлесі - 0,3%, Корея - 4,6%, АҚШ - 8,3%, Германия - 9,6%, Қытай - 20%. Бұл осы елдердегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды айтарлықтай қаржыландыруға байланысты», - деп жазылған құжатта.

Министрлік мәліметінше, 2017-2021 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған өңдеу өнеркәсібіндегі ішкі шығындар 12,3 млрд теңгеге теңелген.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласына арналған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына небәрі 2,3 млрд теңге жұмсалды. Ол жалпы қаржының 18,8%-ы. Ал металлургия саласына 2,8 млрд теңге немесе жалпы көлемінің 22,6%-ы бағытталды», - делінген Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің талдау деректерінде.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды