Полиция қызметіне келушілер қатары 4 есе артты – Марат Ахметжанов

04.06.2023, 14:21
757
Полиция қызметіне келушілер қатары 4 есе артты – Марат Ахметжанов smartnews.kz

Полиция органдарында кадрлардың тұрақтау көрсеткіші 42%-ға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу - «Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасының бір бағыты. Бұл ретте біз жұмысты өзімізден (министрлік – автор түсіндірмесі) бастадық. Полиция органдарына қатысты қабылданған іс-шаралардың арқасында 42%-ға кадр ауыспалылығы тоқтады. Полицияға келемін деген адамдар қатары 4 есе артты. Бұған Президенттің тікелей тапсырмасы әсер етті. Атап айтқанда, қызметкерлердің алатын айлығын өсіру және басқа да көтермелеу шаралары қабылданды», - деп жауап берді ведомство басшысы тілші сауалына орай.

Қоса кетсек, бұған дейін Ашық НҚА порталында жарияланған аталған тұжырымдамада кадр тапшылығы мәселесі өзекті бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің жалақысы өскенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отырғаны да айтылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды