Kazakhmys Energy компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды

05.06.2023, 11:24
503
Kazakhmys Energy компаниясына 27 млн теңге айыппұл салынды smartnews.kz

Мемлекет басшысы мен Бас прокурор тапсырмасы аясында Ұлытау облысының прокуратурасы құрамына Жезқазған және Балқаш ЖЭО кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС жұмысына тексеру жүргізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ведомствоға сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау салаларында, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және басқа 600-ге жуық заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, объектілерді жаңғыртуға инвестициялардың болмауы, қабылданып жатқан шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен шектелген, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамау, өлшеу құралдарын уақтылы салыстырып тексермеу және басқа фактілер бар.

Бүкіл заңбұзушылық бойынша уәкілетті органдардың атына 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі адамдар 27 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бүгінгі таңда «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн теңгеден астам сомаға айыппұл төледі.

Осыған қоса, уәкілетті органдар Жезқазған және Балқаш ЖЭО-да нақты іс шаралар мен орындау мерзімі, оның ішінде жабдықтарды жаңғырту керектігін көрсете отырып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым енгізген.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды