874

Елорданың екі ауданында су қысымы неге төмендеп кеткені белгілі болды

Елорданың Есіл мен Нұра аудандарында су қысымының төмендеуіне құбырдың зақымдануы себеп болды. Бұл жайына «Астана су арнасы» мекемесінен мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елорданың екі ауданында су қысымы неге төмендеп кеткені белгілі болды
smartnews.kz

Кәсіпорын баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы ауданындағы Момышұлы, 1 мекенжайында орналасқан жаңа мектепке жол салу кезінде «Стройпроминвест» ЖШС (тапсырыс беруші – Bi Group) диаметрі 150 мм-лік су құбырын зақымдаған.

«Жарықты бітеу сағат 01:25-тен 05:00-ге дейін созылды. Сондықтан сол аралықта сол жағалау бағытында өтетін диаметрі 1000 мм-лік су құбырын уақытша жабуға тура келді. Осы жұмыстардың барысында Есіл және Нұра аудандарында су қысымының төмендеуі байқалды. Су беру жүйесі біртіндеп қалыпқа келіп жатыр», - деді «Астана су арнасынан».