705

Алматыда полицей абайсызда әріптесін атып, мерт қылды

Алматыда полицей әріптесін абайсызда жарақаттады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматыда полицей абайсызда әріптесін атып, мерт қылды
Zakon.kz

Алматы қаласы департаменті 5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Ведомство бұл дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.