Ғарыштық технологиялар саласындағы ТОП-3 стартап анықталды

05.06.2023, 16:30
694
Ғарыштық технологиялар саласындағы ТОП-3 стартап анықталды Astanahub.com

Алматыдағы Central Eurasian Venture Forum аясында ұйымдастырылған Space Tech Battle стартаптар жарысында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған үздік 10 IT-стартап бақ сынасты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Профильді сарапшылар мен инвесторлардан құралған қазылар алқасы 10 жобаның ішінен үш жеңімпазды жариялады: IoVIT – «ең үздік инновациялық стартап», SkillSat – «адамзат үшін аса бағалы» және Орбитальный экспресс- «болашақта ғарышты игеруші» ретінде танылды. Жүлде қорындағы $15 000-ды жеңімпаздар бөліп алды.

«Біздің стартап – бұл шағын құрылғылар-наноспутниктерді құрастыру және іске қосу үшін білім беру жинақтары. Бұл идея маған 2019 жылы Байқоңыр ғарыш айлағын алғаш рет көргенде келді. Біз Space Tech Battle-ды көптен күткен едік. Өз электроникасы мен технологияларын пайдаланатын аппараттық стартаптар үнемі көлеңкеде қалатын. Мен Astana Hub және ЦДИАӨМ жоспарлаған осындай іс-шара жүзеге асырылғанына қуаныштымын, ол жалғасын тауып, SpaceTech акселераторлары пайда болса екен», - деді SkillSat негізін қалаушы және бас директоры Абылайхан Мұхамеджанов.

Сондай-ақ форумда Silkway Accelerator Pitch Marathon барысында алты стартап (BILLZ, Kid Security, Trust Contract, Prosper Pay, Codify, Voiceloft) - Astana Hub пен Google for Startups бірлескен акселерациялық бағдарламасының қатысушылары өз жобаларын инвесторлардың, ірі корпорация мен венчурлық қор өкілдерінің назарына ұсынды.

«Space Tech – біздің технопарк үшін басымды бағыттардың бірі. Мен осы алаңда екі маңызды ивент - Space Tech Battle және Silkway Accelerator Pitch Marathon өткізуге мүмкіндік берген форум ұйымдастырушыларына алғыс айтамын. Бұл - жас компаниялардың өздерін көрсетіп, дамуына тамаша мүмкіндік», - деді Astana hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды