Полицейлер тоғыз жасар балаға судьяның көлігін өртеді деп күдік келтірген

05.06.2023, 19:07
448
Полицейлер тоғыз жасар балаға судьяның көлігін өртеді деп күдік келтірген Zakon.kz

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауылында аудандық судья Ілияс Іргебаевтың көлігін белгісіз адамдар өртеп жіберген. Бірнеше күннен соң полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне келеді. Олардың айтуынша, көлікті үшінші сынып оқушысы өртеп жіберген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

31 мамыр күні таңертең Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудандық судьяның көлігін өртеп жіберді. Көліктің жанынан құқық қорғау өкілдері жанар-жағармайы бар пластикалық бөтелке мен қамысты тапты, деп хабарлайды Уральская неделя газеті. Судья өртенген көліктің оған тиесілі екенін растады. Полицейлер ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі, яғни "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тергеуді бастады.

Өрттен кейін Жаңақала АІІБ полицейлері көпбалалы ана Раушангүл Бисенованың үйіне бас сұғады. Полицейлер әйелге оның тоғыз жасар баласы көлікті өртеп жіберді деп күдік келтірілетінін айтады. Бұл туралы жергілікті блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында жазады.

Баланың анасы бейне үндеуде өз ұлының жасына байланысты бұл қылмысты жасай алмайтынын және сол түні баласының үйде болғанын айтады. Әйелдің видео үндеуі желіде жарияланды. 

Осыдан кейін Жаңақала АІІБ полицейлері аталған отбасынан кешірім сұрады.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады