838

Астанада су тапшылығын шешу үшін Бішкектегідей монша мен көлік жуатын орындарды жабу керек пе

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет кулуарында Астанадағы су тапшылығын шешу үшін Бішкектің тәжірибесін қолдану қаншалықты орынды екенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Астанада су тапшылығын шешу үшін Бішкектегідей монша мен көлік жуатын орындарды жабу керек пе
smartnews.kz

«Астанадағы су тапшылығы мәселесін шешу үшін Бішкектің үлгісі бойынша моншалар мен бассейндерді, көлік жуатын орындарды жабу керек пе?» деп сұрады БАҚ өкілі спикерден.

«Қазір олай істеудің қажеті жоқ. Өйткені су сорып, сүзетін станса іске қосылады. Бірақ келешекте проблема болады. Ол үшін су тартатын арна салу керек», - деді вице-премьер.