Биыл көкпардан ел біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді

06.06.2023, 14:45
798
Биыл көкпардан ел біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді adyrna.kz

Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі «Ұлы дода» атауымен жаңа форматта өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорттың танымалдылығын арттырып, инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүйелі жарыс ұйымдастыруды көздеп отыр.

Ел чемпионаты аясында бірнеше лига жасақталады. «Аламан дода» немесе жоғары лигада өткен жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1-6 орындарды иеленген ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Қатысушы командалар әр турда өзінің немесе қарсыластың алаңында ойнайтын болғандықтан көрермендер жоғары лигада 30 матч тамашалай алады.

«Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда толыққанды көкпар индустриясын қалыптастыру мақсатында ел чемпионатын ұйымдастыруды үлкен жауапкершілік санайды. Ұлттық спорт жанкүйерлері жарты жыл бойы тартысқа толы кездесулерді тамашалап, маусым бойы өз командасына жанкүйер бола алады. Келесі жылдан бастап жоғары лигада ойнайтын командаларға өз ипподромы болуы міндеттеледі. Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер командаларын қатар дайындау туралы шарт қойылады»,-деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

«Дүбірлі дода» деп аталатын Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында былтырғы ел чемпионатында 7-20 орындарды иеленген 14 команда ойнайды. Жарыс 4 турдан тұрады. Қатысушы барлық командалар бір-біріне қарсы кездесу өткізіп, ұпай жинайды. Жоғары және бірінші лиганың жеңімпаздары Республика күні қарсаңында өтетін «Ұлы дода» жарысында өзара мықтыны анықтайды.

Бұдан бөлек, ел біріншілігі аясында «Керме дода» атауымен екінші лига ойынға шығады. Бұл жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық немесе жекеменшік кез-келген команда қатыса алады. Байрақты бәсеке 2 турдан тұрады және барлық қатысушы командалар бір-біріне қарсы кездесу өткізеді. «Керме дода» жеңімпазы келесі маусымда бірінші лигада ойнау мүмкіндігіне ие болады. Ал, бірінші лиганың үздік командасы «Аламан додаға» яғни, жоғары лигаға өтеді.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды