Қазақстанға ипортталатын қант шикізатына квота енгізілді
Қазақстан аумағына қант шикізатын әкелуге квота енгізілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қант шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері 350 000 тонна болып белгіленсін. Квотаның қолданылу мерзімі – 2023 жылғы 22 сәуірден 31 желтоқсанға дейін», - деп көрсетілген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында.