Қазақстандық мюзикл Кореяда өткен халықаралық фестивальде үздік деп танылды

07.06.2023, 09:41
553
Қазақстандық мюзикл Кореяда өткен халықаралық фестивальде үздік деп танылды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстандық мюзикл Кореяда 2 марапатқа ие болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Astana Musical» мемлекеттік театры сахналаған «Роза Бағланова» қойылымы Daegu International Musical Festival фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» номинациясын жеңіп алды.

Байқау жыл сайын Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен театрлар мен шығармашылық ұжымдарды жинайтын беделді халықаралық мюзикл фестивалі. Биыл ол 17-ші рет өтті. Astana Musical ұжымы оған алғаш рет қатысты. Әртістер Кореяға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен барды.

Қазақстандықтар бір марапатпен шектелмеді. Қойылымда басты кейіпкер – Роза Бағланованың рөлін сомдаған актриса Зарина Макина үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болды. Ол Англия, Германия және Франциядағы әріптестерінен басым түсті.

«Бұл – Қазақстан театр өнерінің айшықты жетістігі. Astana Musical артистері көрермен қауымды таланттарына тәнті етіп, әлем жұртшылығының қазақ мәдениеті туралы биік көзқарас қалыптастыруына сеп болды. Мен елімізге жеңіс бақытын сыйлаған артистерге алғыс айтамын және құттықтаймын. Оларға сарқылмас шабыт пен жаңа шығармашылық биіктерді бағындыруды тілеймін», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты