AIX және Әбу-Даби Қор биржасы Tabadul платформасы арқылы инвесторларға қолжетімді болмақ

07.06.2023, 14:52
720
AIX және Әбу-Даби Қор биржасы Tabadul платформасы арқылы инвесторларға қолжетімді болмақ saudigazette.com

Astana International Exchange (AIX) және Әбу-Даби Қор биржасы (ADX) ынтымақтастықты нығайту және екіжақты қатынастарды кеңейту туралы келісімге қол қойды.

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») бүгін Әбу-Даби Қор биржасымен («ADX») AIX-ті Tabadul цифрлық биржалық сауда орталығына қосу туралы келісімге қол қойылғанын жариялады. Tabadul-дың мүшелері қатарында қазір Бахрейн қор биржасы және Маскат бағалы қағаздар нарығы (Оман) бар.

ADX 2022 жылдың шілдесінде сауда-саттыққа өзара қол жеткізу моделіне негізделген цифрлық биржаның алғашқы өңірлік орталығы – Tabadul Hub-ты іске қосты. Tabadul - мүше биржалар арасындағы өңірлік және жаһандық деңгейде сауда жасауға арналған цифрлық биржа алаңы. Жалпы, Tabadul өзара сауда-саттық мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қатысушы биржалардың нарықтарындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өтімділікті арттыруға бағытталған.

Келісім екі биржаның брокерлеріне Tabadul арқылы қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ADX пен AIX-тің екіжақты қатынастарды кеңейтуге деген ұмтылысын растайды. Tabadul инвестицияларды жүзеге асыруға, сонымен қатар инвесторларға екі нарықта да лицензияланған брокерлер арқылы тікелей сауда жасауға мүмкіндік береді.

Бұл бастама биржалар 2021 жылдың қазан айында қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандумда баяндалған бірлескен жоспарларды іске асыру үшін стратегиялық әріптестік аясында іске асырылды.

AIX-тің Tabadul цифрлық биржалық сауда орталығына қосылуымен платформаның ауқымы мен мүмкіндіктері одан әрі кеңейіп, инвесторларға бірнеше алаңда үздіксіз және тиімді сауда жасау мүмкіндігі ұсынылады.

AIX басқарма төрағасының м.а. Әсел Мұқажанова былай деп атап өтті:

“AIX-тің стратегиялық мақсаттарының бірі  - халықаралық экспертиза мен халықарылық қор нарығының мәдениетін Қазақстанға әкелу және нарыққа шетелдік инвесторларды тарту. Өз кезегінде, бұл келісім Қазақстандық инвесторларға жаңа мүмкіндіктерді ашады, және нарыққа қатысушыларға арналған құралдарды кеңейтеді: жеке инвесторлар лицензиясы бар брокерлер арқылы екі биржада да сауда жасай алады. ADX пен AIX арасындағы сауда қатынастары AIX-тің мақсаттарына сай келеді және Қазақстан мен Парсы елдері нарықтарының арасындағы байланысты нығайта түседі”

ADX басқарма төрағасы Абдулла Сәлем Әлнуайми былай деді:

“AIX-пен келісімге қол қою ADX-тің Tabadul арқылы білім мен ақпарат алмасатын аймақтық және жаһандық желіні құру туралы мақсатына сай келеді, себебі осы арқылы біз  өтімділікті және өзара ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ете аламыз. Біздің AIX-пен серіктестігіміз нарықтық байланыстарды дамытуға және сауданы өзгертуге деген міндеттемемізді нығайтады. Біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі басталғалы тұр,  және бұл ынтымақтастық нарықтың тиімділігін арттыруға және жаһандық деңгейде дамуға мүмкіндік береді”.

Tabadul AIX-те және ADX-те инвестицияларды жүзеге асыруға, сонымен қатар инвесторларға екі нарықта да лицензияланған брокерлер арқылы тікелей сауда жасауға мүмкіндік береді.

Tabadul-дағы бағалы қағаздар тиісті биржаның жергілікті валютасында, ал кейбір жағдайларда саудаға түсетін активтің көрсетілген валютасында саудаланатын болады, бұл ретте ордерлер үшін ең төменгі сома белгіленбейді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды