Қазақстандық ITS алаңы ресейлік брокерлермен және бағалы қағаздармен жұмыс істемейді

07.06.2023, 16:04
926
Қазақстандық ITS алаңы ресейлік брокерлермен және бағалы қағаздармен жұмыс істемейді smartnews.kz

ITS жаңа биржасы АХҚО жанынан ашылып, оның сауда алаңында әлемдік бағалы қағаздардың саудасы басталып кетті.

Алайда бұл биржа ресейлік брокерлермен жұмыс жүргізбейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл биржада инвесторлар NYSE және NASDAQ биржаларындағы АҚШ листингінде тұрған 1500-ден астам акциялар мен депозитарлық түбіртектерді саудалай алады.

«ITS бөлшек инвесторларға қызмет көрсететін ресейлік брокерлерге де, ресейлік бағалы қағаздарға да қызмет көрсетпейді. Бұл біздің бизнес үлгімізге келмейді, сондықтан да біз ресейлік брокерлермен жұмыс істемейміз», – дейді ITS Басқарма төрағасы Шыңғыс Қанапьянов.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров сауда алаңын ашудың тиімділігін түсіндіре отырып, географиялық факторға назар аударды.

«Мәселен, Гонконг нарығы ашылған кезде біз әлі ұйқыда боламыз, сол секілді американдық нарық та түнде ашылады. Сәйкесінше, біздің инвесторлар аталған елдердің нарықтарында сауда жасауы үшін шетелдік брокерлерге қосылуы керек. Ал бұл өз алдына оңай дүние емес. Сондықтан түнде сауда жасаңыз. Бізде енді қолайлы шарттармен сауда жасау мүмкіндігі бар», – деді ол.

ITS сауда-саттық басталғаннан кейінгі бірінші жартыжылдықта платформаға шамамен 15 кәсіби қатысушы қосылады деп күтеді. Бөлшек сауда инвесторлары брокерлер қосылған кезде ғана ITS саудасына қол жеткізе алады.

Бұған дейін Санкт-Петербург пен Freedom Holding Қазақстанда жаңа ITS биржасын құрғаны туралы белгілі болды. Ол бір-екі ай ішінде іске қосылады деп жоспарланған. Соңынан Frank Media басылымы Санкт-Петербург пен Freedom Holding «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) базасында жаңа биржа құру идеясын талқылап жатқанын хабарлады. Алайда Санкт-Петербург биржасы бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)