Жасыл ел жобасы: Алматыда жаз айларында 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасады

07.06.2023, 19:52
564
Жасыл ел жобасы: Алматыда жаз айларында 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасады Inform.kz

Мегаполистің «Жасыл ел» жасағы қатарындағы белсенділер саны жыл сайын артып келеді.

Былтыр уақытша маусымдық жұмыспен 14 пен 35 жас аралығындағы 1 900 жас қамтылды. Бұл туралы «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Зухра Иманбаева айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Спикердің сөзінше, «Жасыл ел» – мектеп оқушылары, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға, республика бойынша орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жоба. Ол Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

«Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бекітілді. Оның басты көрсеткіштерінің бірі – жыл сайын кемінде 10 000 жасты жұмыспен қамту көзделген», - деді Зухра Иманбаева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

«Жасыл ел» жобасының экосақшысы Мұратхан Тауасардың айтуынша, «Жасыл ел» жасағындағылар қаланы көгалдандырудан бөлек, экологиялық семинарлар мен тренингтерге, қалалық және республикалық сенбіліктер мен балалар үйі, қарттар үйі, ардагерлер үйлеріндегі эко акцияларға белсенді қатысады.

«Жобаның оған қатысушылар үшін берер артықшылықтары мол. Жастар бір-бірімен танысып, қаланың дамуына үлестерін қосады», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, жасақта эко патрульдер құрылады, олар қала аумағында рейдтер жүргізіп, экологиялық заңбұзушылық фактілерін анықтайды.

Биыл «Жасыл ел» жобасы бойынша 2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады