Биылғы құрғақшылық елді алаңдатып отыр

08.06.2023, 11:38
570
Биылғы құрғақшылық елді алаңдатып отыр smartnews.kz

Кейбір шаруалар жаңбырға зар болып, тасаттық беріп жатыр.

Өңірлердің бәрінде аптап ыстық, үп еткен жел мен тамған жаңбыр жоқ. Шаруа мен диханға өте жайсыз климат сақталып келеді. Қазгидрометтің болжауынша, құрғақшылық бес облыстың аумағында сақталатын көрінеді. Өзге өңірлерде тиіп-қашып өткінші жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін деп жатыр.

Ал мамыр айы мен маусымның басындағы аптап астық тұрғындарға өте жайсыз тиді. Шымкентте ыстықтан денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп жатқандар бар. Ауаның ыстықтығы мен қапырық дем болуы қан қысымы, жүректің шамасыздығы, жүйке жүйесімен ауыратын адамдар, терісінде проблемасы барлар үшін қауіпті деп жатады. Бүгін-ертең Шымкентте ыстық 41 градусқа шығып, бүрсігүні 35-ке түсетін көрінеді.

Солтүстіктегі ахуал да мәз емес. Құрғақшылық орнап, жаңбырдың жоғынан сүдігерлердің шаңы шығып жатыр. Ел жаппай сая іздеп, өзен-көл жағалап кеткен. Ал бірнеше күннен бері ыстыққа шыдамаған Павлодарда тұрғындар жаңбыр тілеп тасаттық беріп, құрбандық шалды. Жоралғыны жасау үшін ипподромға 500-дей адам жиналды. Тасаттық осы өңірдің барлық дерлік елді мекендерінде де берілді. Басқа өңірлерде де тасаттық беріп жатқан ауылдар бар деседі. 

Аптап ыстықтың қаупі мен тәуекелі көп. Егін алқаптары мен жайлаулар кебеді, адамдардың денсаулығы сыр береді, суға кету болып жатады, өрт шалады дегендей... Күні кеше тал түсте Павлодарда колледж студенті суға батып кетті. Құтқарушылар жеткенше жасөспірімді су тартып әкеткен. Кейін денесі су түбінен алынды. Бірнеше жасөспірім рұқсат етілмеген жерге барып суға түскен екен. Нәтижесі осындай қайғылы болды. 

Мұндайда дала өрттері де жиілейтіні бар. Біреу барып өртемесе де, кебу шөптер күннің ыстық сәулесінен өздігінен тұтанып, жалын атып жатады. Адам факторының салдарынан өрт шалатын сәттер де болып тұрады. Осындай себептермен, мысалы, адамдардың Қатонқарағай қорығына кіруіне уақытша тыйым салынып отыр. Қорыққа орманшылардан кезекші қойылып, күзетке алынған. 

Шығыс Қазақстан облысында күннің күрт ысуына байланысты ескерту жарияланды, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі де сақталады. Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, жергілікті атқарушы органдардың адамдарынан 46 мобильді топ құрылды. Бурабай, Марқакөл қорықтары да жіті назарда ұсталады.

Бүгін Астанада найзағай ойнайтыны, жел тұратыны, бұршақ жауатыны хабарланған. Дегенмен ыстықтың беті қайтпай тұр. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қарғанды мен Қостанай облыстарында да желдің өтінде өткінші найзағай ойнайтын көрінеді. Мұндайда ормандарға жай түсуі де ғажап емес. 

Ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының солтүстік-батыс аумақтарында күн қатты ысиды, ауаның температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі делінген. Өскемен мен Семейде төтенше өрт қаупі сақталады, ыстық 40 градусқа жақындайды деп күтілген. Барлық өңірлерде өрт қауіпсіздігі сақталады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жел аса сезілмегенімен күн ыстық болмақ. Өзге өңірлерде ыстық, жағымсыз жел тұрады деп жатыр. Жел тұрған сайын өрт қауіпсіздігі де күшейе түсетін көрінеді. Себебі кебу шөп тұтанған жағдайда оның шоғын жел аса жылдамдықпен таратып ала жөнеледі. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің алу қызметі аяғынан тік тұрған болса керек.

Әрине, мұның бәрі жақсы емес, адамға жайсыздық әкеледі. Ең бастысы, құрғақшылықтың салдарынан егін алқаптары мен жайылымдар күш ала алмай қалды. Оның соңы жетіспеушілікке, бағаның өсуіне апарып соғып жататыны бар.  Онсыз да қымбатшылық жайлап тұрғанда бұл қосымша соққы болмаса игі. Есепке жүгінетін болсақ, осы күні халық ай сайын тапқан жалақысының кем дегенде жартысынан көбін тек бірінші кезектегі қажетті азық-түлікке жұмсайды екен. Азықтың көптеген түрлерін алуды шектеп, тойып ішіп-жеуді шегеріп, шыдағанның өзінде табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсайды. Ал құрғақшылықтан өнім азайып жатса қымбатшылықтың биті бүгінгіден де семіре түссе керек. Ондай жағдайда жалақымызды түгелімен күнделікті құлқынға жіберіп отырамыз ба, кім білсін. Ал жалақысы жоқтарды мұндай ахуал екі есе қинайтын болса керек.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты