651

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының форумының негізгі миссиясын атады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады
akorda.kz

«Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай:

Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау.

Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау.

Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру.

Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру.

Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту», - деді Мемлекет басшысы форумының жалпы отырысында.

Президенттің айтуына қарағанда, бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді.

«Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынас өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.