Баланы шетелге алып шығуға сенімхат онлайн берілуі мүмкін

Әділет министрі Азамат Есқараев «Е-нотариат» жүйесінің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Баланы шетелге алып шығуға сенімхат онлайн берілуі мүмкін
smartnews.kz

«Е-нотариат» жүйесі тиімділігін көрсетті. Жүйе іске қосылғалы азаматтардан 1200-ден астам өтініш келіп түсті. Оның жұмысына қатысты әзірге бір де бір шағым болған жоқ. Халық қолданып жатыр. Жүйені енгізуде біз өте мұқият болдық. Нотариаттық сенімхаттың екі-үш нұсқасы әзірленді. Келешекте «Е-нотариат» қызметінің аясын кеңейтеміз. Енді тек сот бойынша ғана емес, сонымен қатар баланың шетелге шығуына сенімхат беру жағы қаралып жатыр», - деді Азамат Есқараев Астана халықаралық форумының кулуарында.

Министрдің мәлімдеуінше, аталған қызметті онлайн алуға болады.