Қатар инвесторлары Қазақстанда астық өңдеу зауытын салуға ниетті
Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында 290 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Астана халықаралық форумы аясында БАҚ өкілдері Ауыл шаруашылығы министріне Қатар инвесторларларының Қазақстанда астық өңдеу зауытын салу ниетіне қатысты сұрақ қойды.
«Иә, қазір біз келссөз жүргізіп жатырмыз. Бізде мұндай инвесторлар көп», - деп жауап берді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар, министр өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 200 млрд доллардан астам сомаға бағаланған 270 жоба басталғанын айтты.
«Биыл 290 жоба жоспарда бар. Олар шикізат өндіру және азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытындағы жобалар. Жұмыс жалғасуда», - деді Ербол Қарашөкеев.