Алматының қай көшелері мен саябақтарында самокатпен жүруге тыйым салынды

08.06.2023, 16:08
597
Алматының қай көшелері мен саябақтарында самокатпен жүруге тыйым салынды smartnews.kz

Алматыда жалға алынған электрсамокат үшін шектеу аумақтары бекітілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол қозғалысы барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында және қоғамдық орындарда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Алматыда кикшеринг компанияларымен бірге қала әкімдігі электрсамокаттың жүруі шектелетін орындарды анықтады.

«Мәселен,электрсамокатпен «Южный», 28 панфиловшы, Мәдениет және демалыс, Тұңғыш Президент саябақтарында жүруге болмайды. Сонымен қатар ҚБТУ алдындағы және «Северный» скверінде, Ботаникалық бақта, Арбатта (Жібек жолы даңғылы Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкурде жүруге шектеу қойылды»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Бұдан басқа, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев, Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдық 10 км/сағ дейін шектеледі.

Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады.

Шектеу электросамокатты жалға беруші компаниялардың арнайы қосымшасында көрсетіледі.

«Қолданушылар ережені сақтап, адам көп жиналған орындарда үлкен жылдамдықпен жүрмеуі тиіс»,- делінген хабарламада.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді