«АрселорМиттал Теміртауға» жоспардан тыс тексерістен кейін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

08.06.2023, 17:27
577
«АрселорМиттал Теміртауға» жоспардан тыс тексерістен кейін 1,2 млрд теңге айыппұл салынды novoetv.kz

Экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртау» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Қарағанды облысының Экология департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті 2022 жылдың 5 қыркүйегі – 3 қазаны аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның барысында кәсіпорынның барлық жұмыс істеп тұрған цехтары бойынша «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы сарапталды. Нәтижесінде өнеркәсіп алыбында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы өрескел бұзылғаны анықталды.

Негізгі бұзушылықтар бірқатар цехта (кокс, ЖЭО-2, агломерациялық, домна, №2, №3 металл илеу және әк күйдіру цехтары) шығарындылардың шекті рұқсат етілген нормадан асып кетуі болды.

«Департамент экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды», - деп хабарлады Қарағанды облысының Экология департаментінен.

Бүгінгі таңда Теміртау қаласы әкімшілік сотының шешіміне сәйкес 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге»АрселорМиттал Теміртау«АҚ-ға айыппұлды үш кезеңмен бөліп төлеу тағайындалды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол