Ақтауда жарияланған ТЖ режимі кемінде 30 тәулікті қамтиды

08.06.2023, 18:59
620
Ақтауда жарияланған ТЖ режимі кемінде 30 тәулікті қамтиды Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі өңірде сумен және электрмен жабдықтау қызметінің толықтай тоқтауын болдырмас үшін жарияланды. Теңізде Каспий деңгейінің төмендеуіне байланысты пайда болған екі су асты қайраңы табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазір шұғыл түрде туындаған мәселені зерттейтін және оны жоятын компания іздестіріліп жатыр. 

Қазіргі уақытта теңіз жағалау сызығынан шамамен 450-500 метрге шегерген. Осыған байланысты су арналары біртіндеп таязданады, бірақ әзірге бұл ретте су толығымен келіп жатыр. Теңіз деңгейінің төмендеуі қазірдің өзінде су арналарына лай мен құмның жиналуына әкеліп соқтыруда. Бір жыл ішінде энергокомбинат ЖЭО-1 арнасының түбіне тазарту жұмыстарын жүргізді. Екінші су арнасын тазарту үшін балшық сорғыш құрылғы сатып алуға тендер өткізуі қажет.

"Квадрокоптермен визуалды шолу жүргізу кезінде теңізде екі қайраңның пайда болғаны байқалды, бірақ олар әлі су астында. Олар су қоймасы арналары алдында орналасқан. Бірінші қайраң шамамен 150 метр қашықтықта, екіншісі – 300 метр қашықтықта. Осы қайраңдар анықтала сала біз бірден Ақтау әкімдігіне жүгіндік", - деді "МАЭК" ЖШС Бас директорының орынбасары Аян Уйкекбаев.

Энергокомбинаттың өзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, су мен электр қуатын жеткізуді қамтамасыз ететін барлық қондырғылар да жұмысын қалтқысыз атқаруда. Соңғы екі түнде қала тұрғындары бетпе-бет келген су тапшылығы магистральдық құбырды жөндеуге байланысты болды. Бұл жағдайдың су қоймасына ешқандай қатысы жоқ, деп сендіреді әкімдік.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды