Елорда әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке дәстүрлі түрде әр демалыс сайын Абылай хан даңғылы, 20а (автотұрақ аймағы) мекенжайы бойынша өтеді.
Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде: сүт және азық-түлік өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, сиыр еті, жылқы еті, қой еті және т.б.
Жәрмеңке сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңке Сауран, 7 және Қосшығұлұлы, 14 мекенжайларында да жұмыс істейді.