Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында өндірістік сауда-логистикалық кешені салынады

09.06.2023, 12:07
883
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында өндірістік сауда-логистикалық кешені салынады smartnews.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында өндірістік сауда-логистикалық кешен құру және реттеу туралы келісімге қол қойды. Құжат Астана халықаралық форумы аясында рәсімделді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Серік Жұманғариннің атап өтуінше, аталған кешен екі елді арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтып, мемлекеттердің экономикасының дамуына септігін тигізетін болады.

«Форум аясында әлемдік маңызы бар өте өзекті мәселелер көтерілді. Бүгін біз ұзақ күткен оқиғаға куә болдық. Қазір ғана экономикалық және тату көршілік қатынастарды дамытуға тағы бір қадам жасалды. Келісім бірнеше жыл дайындалғанын, егжей-тегжейлі пысықталып, инвесторлары анықталғанын атап өткім келеді. Екі елдің көптеген мемлекеттік органы жұмылдырылды. Кешен жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге, сонымен қатар жүктерді одан ары тасымалдау үшін үшін қажетті логистикалық қызметтерді ұйымдастыруға септігін тигізеді», - деді Серік Жұманғарин.

Қырғыз Экономика және сауда министрінің айтуынша, кешенді салу екі елдің сауда-экономикалық байланыстарына тың серпін береді.

«Өндірістік сауда-логистикалық кешеннің арқасында екі елдің арасындағы тауар айналымы екі есеге артатындығын атап өткім келеді. Бүгінде ол 2 млрд долларды құрайды», - деді Данияр Амангелдиев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды