Astana Hub сегіз стартапты шетелдік инвесторлардың назарына ұсынды

09.06.2023, 12:34
581
Astana Hub сегіз стартапты шетелдік инвесторлардың назарына ұсынды astanahub.com

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) 35-ші пленарлық отырысы аясында Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушылары өздерінің IT-жобаларын таныстырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Астанада «Экономиканың цифрлық трансформациясы» тақырыбында өтіп жатқан ШИК барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандық ІТ-компаниялардың көрмесін ұйымдастырды.

«Цифрлық хаб ретінде біздің өңірге деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бірнеше жылдан бері халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық стартаптар бәсекелестік ортада қарқынды дамып жатыр. Бүгін потенциалды инвесторлардың назарына ұсынылған ІТ-компаниялардың да экспорттық әлеуеті жоғары», - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Шарада қазақстандық IT-компаниялар мен мемлекеттік органдардың 49 инновациялық шешімі ұсынылды.

«Astana Hub сегіз ІТ-стартапты ұсынды. Олар жасанды интеллект, EdTech, киберқауіпсіздік, бизнес-процестерді оңтайландыру/автоматтандыру саласындағы келешегі зор жобалар және кейбіреуі халықаралық нарыққа шығып үлгерді», - деді Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова.

Оның айтуынша, еліміздің стартап индустриясы өкілдерінің Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен кездесуі жаһандық компаниялармен серіктестік және ынтымақтастық орнатып, отандық экожүйені дамытуға жағдай жасайды.

«Біздің стартап - мұнай кен орындарын игеру бойынша веб-симулятор мұнай барлау коэффициентін тиімді басқаруға және ұлғайтуға, кен орнын игеру шығындарын 40%-ға дейін қысқартып, күнделікті өндіруді 70%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Мақсатымыз – саланы түсінетін smart инвесторлар табу және 1,3 миллион доллар тарту», - дейді Neuron Oil негізін қалаушы Асылан Жұмағалиев.

Айта кетсек, машиналық оқытуы бар кросс-сандық модельдеудің жаңа тәсілдерінің мұндай үйлесімін бүкіл әлем бойынша шамамен 3-4 жас компания ғана жүргізеді, соның ішінде АҚШ-та (Кремний алқабында), Францияда, БАӘ-де және т.б. ТМД елдері арасында Neuron Oil жаңа тәсілдер мен өте жоғары практикалық нәтижелерді қолдану бойынша көшбасшы болып есептеледі.

Сондай-ақ, Astana Hub атынан өз жобаларын ұсынған компаниялар:

Cerebra - машиналық оқыту негізінде инсультті автоматты диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;

GoatChat – жасанды интеллектімен сөйлесу платформасы;

Black Ice AI ақшаны жымқыруға қатысы бар киберқылмыскерлерді анықтау үшін әртүрлі дереккөздерден мәлімет тартады;

Sergek Group – бейнебақылау, талдау және болжау, қала жолдары мен көшелеріндегі құқықбұзушылықтарды тіркеудің интеллектуалды жүйесі;

Med 365 – ауысым алдындағы/ауысымнан кейінгі тексерулерді тапсырыс берушінің үй-жайында жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі;

Daitan HSE бағыттары аясында ірі кәсіпорындардың өндірістік процестерін цифрлық трансформациялауға маманданған;

ROQED – оқу материалдары форматындағы оқу және жұмыс нұсқауларын жаңғырту саласындағы жетекші компания.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)