907

Гимнастикадан спорт шебері Аян Молдағалиев 22 жасында өмірден өтті

Қазақстанның спорт шебері, спорттық гимнастикадан ел құрамасының мүшесі Аян Молдағалиев 22 жасында дүние салды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Гимнастикадан спорт шебері Аян Молдағалиев 22 жасында өмірден өтті
sportbasqarmasy_kst

Жас спортшы 6 маусымда өмірден өткен. Бұл жайлы Қостанай облысының спорт басқармасынан мәлім етті.

Ол спорт мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Аян спорт гимнастикасындағы жолын 2007 жылы бастаған. Талай жарыстарға қатысып, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанды.

Халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп, жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді.

2018 жылы Аян Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысты.