Шілдеден бастап ең арзан темекі 710 теңге болады

09.06.2023, 15:04
599
Шілдеден бастап ең арзан темекі 710 теңге болады smartnews.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Бөлшек саудадағы темекінің шекті бағасын белгілеу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

- 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 710 теңге;

- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін», - деп жазылған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қол қойған құжатта.

Қазір темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны - 650 теңге. Ал, келер айдан бастап бұл сома 60 теңгеге қымбаттайды.

Ведомствоның түсіндірмесіне сай, темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасының өсуіне мыналар себеп:

- 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесі 14%-ға көтерілді;

- импортталатын шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20%-ға өсті;

- темекі өнімдерінің шикізаты мен компоненттерінің логистикасы едәуір күрделенді;

- 2022 жылы инфляция 20,3% құрады.

Тиісті бұйрық 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді