Бағаны қолдан қымбаттату фактілерін тапқан жоқ: Air Astana сот актісімен келіспей, шағым береді

09.06.2023, 16:17
512
Бағаны қолдан қымбаттату фактілерін тапқан жоқ: Air Astana сот актісімен келіспей, шағым береді test-front.informburo.kz

Air Astana айыппұл туралы сот актісіне шағым береді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Эйр Астана» АҚ-да тексеру жүргізгенін, оның қорытынды материалдары сотқа жолданып, сот компанияға 6,7 млрд теңге айыппұл салғанын хабарлаған еді.

Агенттік мәліметінше, Air Astana әуе компаниясы әуетасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланған.

Осыған байланысты Air Astana мәлімдеме жасады.

«Компания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан заңнамасына сай жүзеге асырып келеді. Әуекомпанияда монополиялық жоғары баға белгілеу фактілерін анықтау үшін жүргізілген көптеген тергеу мен тексеру тасымалдаушының жұмысынан кемшілік тапқан жоқ. Агенттік жүктеген құқық бұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз. Ең алдымен, әуекомпанияның отын алымын алуы - заңды құқығы. Бұл «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған норма қолданылады, бұл жайында агенттіктің өзі де бірнеше мәрте мәлімдеген» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, әкімшілік сотта іс қаралып жатқанда көптеген процессуалдық құқық бұзу фактілері болған.

Әуе компаниясы сот актісіне шағым береді.

«Ал агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қаласы МАӘС-тың агенттік әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады» дейді Air Astana.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады