Қазақстандық 14 жоғары оқу орны алғаш рет қазақ тілінде технологиялық кәсіпкерлік курсын енгізіп жатыр

09.06.2023, 16:52
696
Қазақстандық 14 жоғары оқу орны алғаш рет қазақ тілінде технологиялық кәсіпкерлік курсын енгізіп жатыр astanahub.com

Биылғы оқу жылынан бастап қазақстандық 14 ЖОО бағдарламасына міндетті немесе таңдау пәні ретінде технологиялық кәсіпкерлік курсы енгізіледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Бакалавриат үшін курс кредит санымен есептеледі. Astana Hub халықаралық технопаркі Startup Academy бағдарламасы аясында тегін оқыту ұйымдастырып, оны 37 оқытушы оқып шықты, олар мамандармен тәжірибе алмасып, курстың мазмұнын бекітті.

Тренингтің ұзақтығы – 36 сағат. Бағдарлама қазақ және орыс тілдеріндегі электронды курсты, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды, ЖОО-да технологиялық кәсіпкерлік курсын енгізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралмен қамтамасыз етуді, технологиялық кәсіпкерлік бойынша халықаралық курстар туралы  зерттеулерді және заманауи курс  құру үшін оқу бағдарламаларын жаңартуды қамтиды. 

Курсты жүзеге асыру үшін жобалық тәсіл мен  тәлімгерлікті қолдана отырып,  оқытушыларға арналған әдістемелік құрал әзірленді. әсіпкерлік курс аясында  жобалық тәсілді қолдану кезінде студенттер Эрик Райс – Lean Startup және Стив Бланк – Customer Development авторлық тәсіліне негізделген әдістеме бойынша кезең-кезеңімен жеке стартаптарын жасайды. Екі тәсіл де акселераторларда әзірленді және әртүрлі стартаптарда жетілдірілді.

Жобалық тәсілде мұғалім білім беруші  ретінде емес, студенттік стартаптардың тәлімгері ретінде әрекет етеді. Бұл нұсқаулық мұғалімдерге  ұзақтығы әртүрлі: 1 триместр, 1 семестр және тіпті 1 апталық экспресс  курсты құруға көмектеседі. Оқу әдістері, тәлімгерлік және тапсырмалардан бөлек, әр сабаққа  кері байланыс бергенде нені ескеру керектігі туралы ұсыныстар қосылды.

«Қазақстанның барлық өңіріндегі университеттермен ынтымақтастығымыз IT-стартаптар мәдениетін дамытуға және студенттік өмірдің алғашқы жылдарынан бастап технологиялық кәсіпкерлерді дайындауға тамаша драйвер болады деп үміттенеміз», – деді Astana Hub халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Алина Әбдірахманова.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)